«Ұлттық және Халықаралық Даму Бастамалары Институты» Қоғамдық Қоры ("ИНМИР" ҚҚ)

 «Дауысыңыз естілу үшін, біз айтамыз»

Біздің миссиямыз:

Оң және демократиялық өзгерістерге бағытталған ұлттық және халықаралық бастамаларды ілгерілету үшін азаматтық қоғам ұйымдарының тұрақты және кәсіби дамуына жәрдемдесу арқылы әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсарту.

Қор қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

- КЕҰ және азаматтық белсенділікті дамыту үшін қолайлы орта құру;

- КЕҰ және азаматтық белсенділер үшін ортақ кеңістік құру; (ақпараттық, білім беру, бірлескен іс-қимыл және т. б.)

- Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;

- Шешім деңгейлерінде ілгерілету.

10 жылдағы негізгі жетістіктеріміз:

1. Әйелдерді Қазақстанның бейресми экономикасына тарту, ӨСАБ, ФАТФ, қоғамдық қатысу тетіктері және т. б. тақырыптарда іске асырылған 20 жоба.

2. Барлық іске асырылған жобалардың бюджеті: $446 932,69 / 214 779 507 теңге.

3. 13 донор: ICNL, Life Line, Канада Сыртқы істер министрлігі жанындағы Канадалық Жергілікті Бастамалар Қоры, 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» комерциялық емес акционерлік қоғамы, Сорос-Қазақстан, ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі, Дүниежүзілік Банк, БҰҰ Әйелдері, GAIN. Еуразия қорының Қазақстандағы өкілдігі және басқалары.

4. 5 advocacy науқаны өткізілді. Мысалы, "Қоғамдық кеңестер туралы", "Қоғамдық бақылау туралы" және басқа да заң жобаларына түзетулер пакеті әзірленді.

5. 20-дан астам ұсыныс беруші бар.

6. 8 аналитикалық материалдар жазылды.

7. 45 116 "ИНМИР" ҚҚ сайтына келушілер.